Әскери нысандарды жөндегендер 5 жылдан бері ақшасын ала алмай жүр

Сурет: видео скрині
Кәсіпкерлер Қорғаныс министрлігінің алдында шу шығарды. Олар әскери нысандарды жөндеген ақшасын 5 жылдан бері ала алмай жүр. Кәсіпкерлер министрліктің "Әскери құрылыс" дейтін еншілес компаниясы келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін орындамағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК теларнасының хабарлауынша, ел бойынша 140 мердігерге жалақы ғана емес, зейнетақы төлемі мен медициналық жарна сияқты әлеуметтік төлемдер де аударылмаған.

"Шымкенттен келіп отырмыз. Барлық кезеңнен өттік. Митингіге де осы жерде шықтық. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен де кездесулер болды. Соңында медиациялық келісімге келгенбіз. "31 наурызға дейін ақшаның жартысын қайтарамыз" деген. 100-ден аса компанияның 1 млрд 600 млн теңге қарызы бар. Дегенмен 53 миллион теңге орта, шағын бизнес үшін үлкен ақша, қалтамызға әжептәуір батады". Кәсіпкер Хамит Махамбет

Құзырлы орган барлық тапсырыстың ақшасы әлдеқашан төленгенін айтады. Алайда қомақты қаржы "Әскери құрылыстың" бұрынғы басшылығынан кәсіпкерлерге жетпеген. Дегенмен министрлік жыл соңына дейін "бәрін төлейміз" деп сендіріп отыр.

Алматыдағы әлі іргетасы қаланбаған екі тұрғын үй мен "Днепр" деп аталатын әскери нысандағы заттарды сатуды жоспарлап отыр. Содан түскен қаражат қарыздың бәрін болмаса да, азғантай бөлігін жабуы мүмкін екен.

"Оған қарамай, келісімсшартқа отырып жатырмыз. Енді қыркүйекте 9 миллиондай түседі. Сосын маусымнан бастап 100 мыңнан түсіп тұрады. Бір инвестор таптық, ол 700 миллиондай береді. Жоспарлар бар. Бәрін бақылап отырмыз. Төлейміз. Маусым айынан бастап ұсақтарын жауып береміз. Мәселелеріңізді шешіп берсек, бізге де тыныш". Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды