Қазақстанда ер адамдар қай өңірде көп тұрады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
2023 жылдың басында халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның 9 647 мыңы ер адамдар екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ер адамдардың көп бөлігі Түркістан облысында тұрады – 1 079 мың, ал ең азы Ұлытау облысында – 108 мың.

"0-14 жас аралығындағы ер балалар саны 3 млн болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткер саны – 767 мың", делінген хабарламада.

Ведомство атап өткендей, жұмыспен қамтуға келетін болсақ, ерлердің көпшілігі өнеркәсіп саласында қызмет етеді – 16,8%, көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында 14%, тағы 14% ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді.

"Ерлердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті