Әлихан Смайылов: Әр кезеңнің өз сабағы бар

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – біз үшін аса маңызды әрі айтулы күн. Жер бетіне бейбіт өмір сыйлаған қастерлі күннің жыл сайын тарих қойнауына тереңдеп бара жатқанына қарамастан, сол сұрапыл соғыстағы жеңістің тарихи маңызын біз ешқашан ұмытпаймыз.

Өкінішке қарай, қан майданда көзсіз қаһармандықтың үлгісін көрсеткен аға буын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Олардың жанқиярлық ерліктерін мереке күндері ғана емес, ұдайы ел жадында ұстаған абзал. Өскелең ұрпақ өткеннен тағылым алуға тиіс. Ал мемлекет ардагерлерді қолдау үшін қолдан келгенінің бәрін жасамақ.

Әр кезеңнің өз сабағы бар, алайда кейінгі ұрпақ қайғы мен қасіреттің не екенін білмесін.

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерліктеріне тағзым етемін!

Еліміз әрі қарай өркендей берсін, әр отбасыға бейбіт өмір және амандық тілеймін!", - деді Үкімет басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Оның сөзінше, майдангерлер жан аямай қорғаған азаттық, әділдік, теңдік құндылықтары Әділетті Қазақстан үшін де мызғымас темірқазық болып қала береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек