Шымкентте "Мәңгілік алауға" гүл шоқтары қойылды

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Мерекеге орай Абай саябағында орналасқан "Даңқ" мемориалындағы "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, соғыс және тыл ардагерлері мен қаза болған жауынгерлердің ұрпақтары, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысты.

Жиналған көпшілік Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.


Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, 1941-1945 жылдары Шымкент пен оңтүстік өңірден 140 мыңнан астам жауынгер соғысқа аттанып, олардың жартысына жуығы туған жеріне қайта оралмаған.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай саябағы аумағында арнайы жасақталған далалық-әскери лагерьге келіп, соғыс және тыл ардагерлерімен бірге театрландырылған қойылымды тамашалады. Онда өнерпаздар майдан даласынан көріністер қойып, соғыс жылдарының әйгілі әндерін шырқады. 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды