10 мамырда бірнеше өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауады

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 мамырда бірнеше өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде бұршақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Қызылорда облысында өрт қаупі бар. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды