Синоптиктер Алматының бір аптасына арналған ауа райы болжамын ұсынды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК бір аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметтеріне сәйкес, қалада жауын-шашын болып, жел тұрып, құбылмалы ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК филиалының жетекші инженер-синоптигі 13-19 мамыр аралығында оңтүстік астанада ыстық ауа райы күтілетінін, аракідік найзағай жарқылдап, жел тұратынын да айтады.

13 мамыр: күн құбылмалы, аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: + 15 + 17°С, күндіз: + 24 + 26°С.

14-15 мамыр: күн құбылмалы, аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: + 15 + 17°С, күндіз: + 27 + 29°С.

16 мамыр: күн құбылмалы, аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +13+18°С, күндіз: +27+32°С.

17 мамыр: күн құбылмалы, аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +15+20°С, күндіз: +27+32°С.

18 мамыр: күн құбылмалы, аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +15+20°С, күндіз: +22+27°С.

19 мамыр: күн құбылмалы, аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +13+18°С, күндіз: +20+25°С.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз