"Жақындамаңдар!" Екібастұзда ер адам өз туған күнінде суицид жасамақ болды

Сурет: видео скрині
Екібастұздық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам оқиға орнына барған полицейлерге "Маған жақындамаңдар! Әйтпесе мен қазір секіремін!” деген.
"Төбеге көтеріліп, ер адаммен сөйлесе бастадым. Оның назарын аудару үшін сұрақтар қойдым. Ол бүгін оның туған күні екенін және оны ренжіткенін айтты. Мен оған соған бола секірмей-ақ, екеуіміз бірге осы мәселені шешейік дедім". Учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Серікбаев
Осы кезде учаскелік полицей оны өзіне тартып, бірінші баспалдақпен түсіре бастады. Төменде жедел медициналық көмек күтіп тұрды. 28 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты