Шымкентте жанар-жағармай стансасының резервуарына найзағай түсті

Сурет: Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Шымкентте жанар-жағармай стансасының резервуарына найзағай түсіп, кейін түтін шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент төтенше жағдайлар департаменінің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, "101" кезекші-диспетчерлік қызметіне 12 мамырда сағат 18:57-де жанар-жағармай стансасының резервуарына найзағай түскені туралы хабарлаған.

Бұл Тұран ауданы  Байтұрсынов көшесінің бойында, "ТЅ" ЖМҚС-дағы "Ладушки" кафесінің жанында болған. Жалпы сыйымдылығы 23 тонна жерасты резервуарына (оның ішінде 11 тонна дизель отыны бар) найзағай түсіп, жанармай түтенген.

"Өрт болған жоқ, қорғау мақсатында жану дизель отынын көбікпен сөндіру және цистерналарды суыту жұмыстары жүргізілді. Сағат 19:10-да осы резервуарды суыту жұмыстары аяқталды. Зардап шеккендер жоқ".       Шымкент төтенше жағдайлар департаменінің қоғаммен байланыс тобы

Сурет: Шымкент төтенше жағдайлар департаменінің қоғаммен байланыс тобы

Оқиға орнында Шымкент төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 13 адамы және 2 бірлік техникасы жұмыс атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды