Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін сотталған әрбір төртінші адам ішкі істер органдарында жұмыс істеген

Сурет: polisia.kz
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотқа тартылған әрбір төртінші адам ішкі істер органдарында қызмет атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Finprom.kz порталының жазуынша, 2023 жылдың бірінші тоқсанында елде 414 адам жемқорлықпен ұсталған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8 пайызға аз. Оларды күдікті деп тану туралы қаулы шығарылды.

2022 жылдың осы кезеңінде 450 ұсталған, бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13,6%-ға аз.

414 күдіктінің ішінде 307 адам ауыр, 88 адам орташа, 16 адам аса ауыр, 3 адам ауыр емес қылмыс жасаған.

Өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің көбі Астанада тіркелген: 64 адам, бір жыл бұрынғыдан 14,3%-ға артық.

"Өңірлер үштігіне Алматы (55 адам) және Түркістан облысы (37 адам) кірді. Одан кейін Шымкент (29 адам) және Ақтөбе облысы (27 адам) тұр", – делінген зерттеуде.

Күдіктілердің ең азы Ұлытау және Абай (әр облыста 2 адамнан), сондай-ақ Павлодар (6 адам) және Қызылорда (8 адам) облыстарында тіркелді.

Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған тұлғалардың көбі пара берді деген күдікке ілінген: 155 адам. Тағы 124 адам пара алды, 58 адам сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаяқтық жасады, 19 адам бөтеннің мүлкін иемденді немесе жымқырды, 18 адам билікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотқа тартылғандардың ішінде басым бөлігі, яғни 26,1% -ы ішкі істер органдарының қызметкерлері болды: 61 адам.

Сотқа тартылғандардың қатарында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің (39 адам), Қаржы министрлігінің (7 адам), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (6 адам), сондай-ақ Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері(4 адам) бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі