Қазақстанда биыл қанша көлік есепке қойылды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы наурызда 162,4 мың автокөлік есепке қойылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – 2,3 есеге артса, жүк көліктері 2,4 есе көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық саттистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 668 мың болды, оның ішінде 87,6% – жеңіл автомобильдер, 10,3% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6%, дизель отынымен – 7,4%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1642 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллоны қойылған автомобильдің үлесі 0,2% болды, тағы 1936 бірлік автомобиль электр қуаты көмегімен қозғалады.

2023 жылғы наурызда 2 321 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 340 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 10,8%-ға азайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы