Астана әуежайында балағат сөздер айтқан жолаушылар жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Астана әуежайында балағат сөздер айтып, полицейлердің заңды талабына бағынбаған жолаушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілі Астана – Алматы бағытындағы әуерейсінің жолаушыларының біріне қатысты шара қолдану туралы шағымданды. Оның айтуынша, рейске тіркеу кезінде ер адам өзін дөрекі ұстаған және балағат сөздер айтқан. Көлік полицейлері тексеру кезінде Алматының 36 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол полиция бөліміне жеткізу кезінде полицейлердің де заңды талабына бағынбаған.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық"), 440-бабы ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу"), 667-бабы ("Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материал шешім қабылдау үшін Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Жоғарыда аталған әуекомпанияның "Астана – Қызылорда" бағытындағы тағы бір жолаушы әкімшілік құқық бұзушылықты жасады. Бұл жолы астананың 40 жастағы тұрғыны масаң күйінде болып, тіркеуге кешігіп келген, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан және полиция қызметкерлерінің талабын орындамаған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 440-бабы, 667-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды