ҚР ДСМ депутаттың МӘМС қаражатын қазақстандықтарға қайтару туралы ұсынысына жауап берді

Сурет: pixabay
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев депутат Асхат Рахымжановтың бір жыл ішінде бірде-бір рет дәрігерге қаралмағандардың МӘМС шығындарының 50 %-ын қайтарып беру жөніндегі ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің сөзінше, әлемде медициналық сақтандырудың әртүрлі үлгілері бар, бірақ ешқандай елде ақшаны қайтару қарастырылмаған.

"Сингапурда жеке шоттары бар, жүйе қаражатты тек атына берілген адамға ғана жұмсауды қарастырады. Басқа елдерде бұл ынтымақты: бай – кедейге, сау адам – науқасқа". Тимур Сұлтанғазиев

Оның айтуынша, Қазақстанда МӘМС жүйесі осы қағидаға құрылған.

"Біздің де жүйе сондай".Тимур Сұлтанғазиев

МӘМС қорының басшысы Сәбит Ахметов жүйенің ынтымақты екенін растады.

"Егер 50 пайызын қайтарсақ, қорға ақша аударатын азаматтардың 80 пайызының жалақысы төмен, көп дегенде 30-40 мың қайтаратын шығармыз, бәлкім. Бірақ қажет болған жағдайда олар көмекті қайдан алады? Егер оған қымбат тұратын операция жасалуы керек болса, егер оның құны 3-10 млн болса, ондай медициналық қызметті ол ақылы түрде ала ала ма? Біз қайтарған 30-40-60 мың теңге соған жете ме?"Сәбит Ахметов

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің 2023 жылғы 15 мамырдағы жалпы отырысында депутат Асхат Рахымжанов МӘМС жүйесін сынға алды. Мәжілісмен премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бір жыл ішінде бірде-бір рет дәрігерге қаралмаған қазақстандықтарға міндетті медициналық сақтандыру құнының 50 пайызын қайтаруды ұсынды.



Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді