Қазақстанда мүгедектігі барларды әлеуметтік қорғау саласында үйлестіру кеңесі құрылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құру туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үйлестіру кеңесінің құрамы мемлекеттік органдар мен мүгедектігі барлардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің ішінен құрылатын Үйлестіру кеңесінің төрағасынан, төраға орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.

Үйлестіру кеңесіндегі мүгедектігі барлардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің құрамы екі жылда бір реттен кем емес өзгертіледі. Сонымен қатар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже әзірленді.

Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мынау бойынша ұсыныстар әзірлеу:

Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы оларды қолдаған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделетіні және консультативтік сипатта болатыны көрсетілген. Үйлестіру кеңесінің мүшелері ерекше пікір білдірген жағдайда оны жазбаша түрде баяндап, хаттамаға қоса беруі көзделеді.

Құжат 5 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: