Бейбіт Шаханов Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Бейбіт Шаханов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін; Қазақ мемлекеттік заң университетін; Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын; Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты