Тараздағы әскери қоймада болған жарылыста қаза тапқан өрт сөндірушіге арналған мурал ашылды

Сурет: ҚР ТЖМ
Павлодар қаласында өрт сөндіруші Мейіржан Аймановты еске алуға арналған мемориалдық муралдың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мейіржан Айманов 2021 жылғы 26 тамызда кезекшілік атқару кезінде Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде болған өртті жоюға жіберілген.Ол  әскери қоймадағы өртті сөндіруге жетекшілік етіп, эвакуациялау жұмыстарына қатысқан.

Өрт кезінде болған бірінші жарылыстан кейін Мейіржан Айманов жұмысын жалғастырып, басын қауіпке тігіп, бірнеше әріптесін өрттен алып шыққан.

Алайда қоймадағы екінші жарылыс басқа да құтқарушылармен бірге Мейіржан Аймановтың да өмірін жалмады.

Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен адалдығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Мейіржан Көпбосынұлына қайтыс болғаннан кейін "Халық Қаһарманы" атағы, арнайы ерекшелік белгісі – "Алтын Жұлдыз" және "Отан" ордені берілді.

Мейіржан Айманов 1976 жылы 13 шілдеде Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1997 жылдың қыркүйек айынан бастаған.

2021 жылдан бастап Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметің бастығының орынбасары қызметін атқарған.



Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды