Елдің бірнеше өңірінде жел, шаңды дауыл және өртке байланысты ескерту жасалды

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус аптап ыстық. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші - 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар. 

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік