Жетісу облысының тұрғынынан заңсыз ауланған 100 келі балық тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында ауыл тұрғынынан 100 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді. 63 жастағы ер адам Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының маңында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның көлігінен балықтың әртүрлі түрі мен пайдалануға тыйым салынған дараталшық торлары табылды.

Тәркіленген балықтың жалпы салмағы - шамамен 100 келі.

"Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады. 400 мың теңгеге жуық шығын келді". Табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов

ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады