Қостанайдағы көпірден әйел секіріп кетпек болған

Сурет: Zakon.kz
Полицияға тұрғындардан Қостанайдағы Үлкен көпірде бір әйел тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні кешке Үлкен көпірде 32 жастағы тұрғын тұрған. Оны байқаған қала тұрғындары полицияға хабар берген, деп жазды "Наш Костанай" порталы.

"Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жеткен. Қостанай қаласының 1990 жылы туған тұрғын полицияға сөйлесуден бас тартқан, өзін агрессивті ұстады. Бірақ соған қарамастан, олар сөйлесіп, оның мұндай әрекетінің себебін анықтап үлгерді".  Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Әйел полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оны туыстары сол жерден алып кеткен. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін