Қазақстаннан сыртқа көлікпен көмір мен лигнитті тасуға тыйым салынды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан территориясынан көмір мен лигнитті (сулы, төмен калориялы және ағаштың қосындылары бар қоңыр көмірдің бір түрі) автомобиль көлігімен әкетуге 6 айға шектеу қойылды. Бұл туралы 2023 жылы 29 мамырда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінле, айтылды, деп хабарлайды Zakon

Аталған тәртіп халықты және коммуналды-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылу беру маусымына дайындық пен осы кезеңдегі энергетикалық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ықтимал дүрбелеңді алдын алу үшін қолға алынды. Бұл шектеуге сәйкес:

- тас көмір, брикеттер, түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері, көмірден алынған – тас көмір, шаңды көмір немесе шаңсыз, бірақ агломерацияланбаған (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының ТН ВЭД 2701 коды бойынша);

- гагаттан басқа агломерленбеген немесе көміртексіз лигнит немесе қоңыр көмірді 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен шығаруға тыйым салынды (ТН ВЭД 2702).

Осы уақытша енгізіліп отырған шектеу биыл 22-ші ақпанда өткізілген Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолдау тапты.

Көмір мен лигнитті әкетуге салынған тыйым 2023 жылдың 26 мамырынан бастап өз күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз