"Қуып жүр мені". ІІМ ақтаулық полиция қызметкерлерінің әрекетін тексереді

Сурет: видео скрині
Әлеуметтік желіде ақтаулық тұрғынның түсірген видеосы тарады. Ол полиция қызметкерлері төлқұжатын көрсетпегенін және өзін қуып жүргенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция оқиға 27 мамыр Ақтаудың "Шығыс-2" шағын ауданындағы "Анвар" супермаркетіне қарама-қарсы жолда болғанын хабарлады.

"Патрульдік полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әдеттегідей өздеріне бекітілген аймақта қызмет атқарған. Полиция қызметкерлері бағдаршамның тыйым салынған белгісін ескермей, өтіп кеткен Lada-21140 автокөлігін тоқтатты. Қызметкер өзін жүргізушіге таныстырып, тоқтату себебін түсіндіріп, одан жеке басын куәландыратын құжаттарын талап етті. Алайда жүргізуші полицейдің заңды талабын орындаудан бас тартып, әр түрлі сұрақтар қоя бастады. Одан кейін жол бөлігіне шығып, жол қозғалысының өзге мүшелеріне кедергі келтірген", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында полицейлер азаматты сабырға шақырып, жол жиегіне шығуын өтінген.

"Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 599-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Полиция қызметкерлерінің әрекеттерін заң тұрғысынан анықтау үшін қызметтік тексеріс басталды", - деп хабарлады polisia.kz.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды