Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші трактор тізгіндеген

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші трактор тізгіндеген, оны уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Сырдарья ауданы Ақжарма ауылында жол жүрісі қағидаларын бұзған трактор (МТЗ-80) жүргізушісін тоқтатты.

Көлік жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында ол автокөлікті мас күйінде басқарғаны және сот шешімімен осы жылдың 18 ақпанында 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз