Қазақстандықтар автокөліктерге арналған VIP-нөмірлерді онлайн сатып ала алады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі тұрғындарға ыңғайлы болу үшін "беделді" нөмірлерді арнайы әзірленген сервис арқылы таңдап, сатып алуға мүмкіндік туғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сервис Цифрлық даму министрлігінің "Smart Bridge" сервистер витринасында орналастырылған. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді.

Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.

Бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде "беделді" нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді.

ҚР ІІМ келтірген дерек бойынша, өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді