Қазақстанда өлім-жітім төмендеді

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2022 жылы 133,5 мың адам қайтыс болды. 2021 жылмен салыстырғанда қайтыс болғандар саны 26,9%-ға азайған. Қайтыс болғандардың 62,4% 63 және одан жоғары жастағылар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 адамға шаққанда 11,63), Шығыс Қазақстан (1000 адамға шаққанда 11,58) және Қостанай облыстарында (1000 адамға шаққанда 10,65) байқалды, бұл осы өңірлердегі халықтың жас құрылымымен байланысты.

2022 жылы өлім-жітімнің негізгі себептері қан айналымы жүйесінің аурулары – 22,7%, ісік – 10,4%, тыныс алу органдарының аурулары – 9,8%, жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттар – 8,4% және ас қорыту жүйесінің аурулары – 8% болды.

Былтыр 1 жасқа толмаған 3154 нәресте қайтыс болған, нәресте өлімі 1000 тірі туылғанға шаққанда 7,68 болды. (2021 ж. – 3732 нәресте, коэффициент – 8,44).


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды