Қарағандыда төбелес болды, жараланғандар бар

Сурет: instagram.com/denis_denski/
Қарағандыда төбелес болып, екі адам ауруханаға жатқызылды, оларға пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Денис Денски есімді қолданушы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Оқырманның айтуынша, осыдан бірнеше минут бұрын Қарағандыдағы Н.Әбдіров даңғылында ұсақ-түйек сататын дүкеннің маңында белгісіз біреу үш адамға пышақ сұғып алған. Оқиғаның егжей-тегжейі белгісіз. Оқиға орнына жедел жәрдем барған. Полицияның түсініктемесін күтемін", - делінген жазбада.

Полицияның мәліметінше, 3 маусым күні сағат 19:52 шамасында 102 телефонына Ерубаев көшесінде төбелес болып жатқаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді.

"Жедел әрекеттер барысында "Абзал" сауда үйінің маңынан 25 және 26 жастағы екі күдікті ұсталды. Біреуінен пышақ, екіншісінен кастет тәркіленді. Ұсталғандар полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін