Алматыдағы Есентай өзені маңында көлік қозғалысы күзге дейін шектеледі

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 6 маусымнан бастап шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы мобилділік басқармасының мәліметінше, "Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына байланысты 6 маусым сағат 08:00-ден 2023 жылғы 1 қыркүйеккке дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпір бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі.

Көлік қозғалысы шығыс бағытта үш жолақ орнына екі жолақ бойынша жүзеге асырылады. Батыс бағытта көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.

"​Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз".  Алматы мобилділік басқармасы
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз