Таиландта теңізге түскен қазақстандық жансақтау бөлімінде жатыр

Сурет: pixabay
Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда, Қазақстан азаматының жағдайы ауыр, қазір комада жатыр. Ол жергілікті биліктің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан, теңізге түсіп, көп су жұтып қойған. Кейінгі күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған.

"Біздің азаматтың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем алып жатыр", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Отандасымызды Таиландтан Қазақстанға санавиация ұшағымен тасымалдау үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет. Ол тай дәрігерлерінің медициналық шешімі негізінде жасалады. 

Қазіргі таңда консул бұл мәселемен айналысып жатыр. Құтқарылған жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барып, дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөздер жүріп жатыр.

"Таиландта демалып жатқан ҚР азаматтарын жергілікті билік органдарының ережелері мен талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеулер кезінде теңізге түспеуді ескертеміз. Өкінішке қарай, бұл - кейінгі аптада Таиландта қазақстандықтар тап болған екінші оқиға".Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті