Шымкентте қымбат көліктердің кортежі жол қозғалысын өрескел бұзған

Сурет: видео скрині
Шымкент полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында мегаполис көшелерінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік кортежі түсірілген видеоны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кортежге қатысушылардың барлығы, атап айтқанда 17 шетелдік автокөлік иелері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде, Toyota Camry автокөлігінің 3 жүргізушісіне, Land Cruiser 200 автокөлігінің 5 тізгіндеушісіне, Lexus-тің екі және Kia көлігінің екі жүргізушісіне, сондай-ақ Mersedes Benz және Jac автокөліктерінің тізгіндеушілеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы бойынша хаттама толтырылды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы "Маневр жасау ережелерін бұзу" және әйнектерді күңгірттегені үшін 590-бабы "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша екі Toyota Camry жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ Mersedes Benz Е270 автокөлігінің тізгіндеушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабы "Жолдарды және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды