Үндістанның 6 азаматына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Сурет: polisia.kz
Үндістанның алты азаматына ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 22 мен 30 жас аралығындағы Үндістанның алты азаматын анықтады. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкенттегі әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен шетел азаматтарының әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш (86 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске салайық, биыл көлік полицейлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 700-ге жуық азаматты, оның ішінде 623 шетелдікті Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз