Қазақстанның адам суға көп батқан өңірлері аталды

Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 6 маусымда өткен үкімет отырысында соңғы үш жылда елдегі су қоймаларында мыңнан астам адам суға кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы суға батқандар саны 43%-ға азайғанымен, министрдің айтуынша, жалпы жағдай мәз емес.
"Соңғы үш жылда мыңнан астам адам суға батып кетті (1103 адам, оның 321-і балалар). Жыл басынан бері еліміздің су қоймаларында 69 адам құтқарылды, оның 15-і балалар. Шомылу маусымы басталғалы бері 11 адам құтқарылды, оның екеуі бала. Қазірдің өзінде 45 адам суға батып кетті, оның ішінде 14-і кәмелетке толмаған балалар. Суға батқандардың көбі Ақтөбе, Абай, Қостанай облыстарында тіркелді".Юрий Ильин

Еліміздегі су қоймаларындағы өлім-жітімнің негізгі себептері ретінде Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы жабдықталмаған жерлерде суға түсу, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру, мас күйінде суға түсу және өз күштерін жете бағаламауды атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды