Екібастұзда ер адам суға батып кетті

Сурет: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Екібастұзда ер адам суға батып кетті, 1981 жылы туған тұрғын шомылуға тыйым салынған орында суға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үш құтқарушы мен бір техника 3 маусым күні сағат 16:28-де Екібастұзда Зеркалка су айдынында 1981 жылы туған адамды іздестірген. 

"Ол шамамен сағат 15:20-да шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, батып кетті. Ер адам достарымен бірге демалып отырған", - деп хабарлады ведомство. 

Құтқарушылар ер адамның мәйітін сағат 16:56-да тауып, жағаға шығарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты