Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды

Сурет: pixabay
Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақтан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның мәйіті 6 маусымда сағат 18:20 шамасында табылған.

"Атыраудағы "Береке" шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақта ер адамның денесі жатқаны хабарланды. Оның 1963 жылы туғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ер адамның неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеуді бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды