Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті. Оқиға 8 маусымда Аршалы ауданының аумағында Екатеринбург - Алматы автожолында болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Болжам бойынша Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін сақтамай, бір бағытта кетіп бара жатқан тіркемесі бар КамАз-ға соғылған.

Салдарынан үш адам, яғни жүргізуші мен жеңіл көліктің екі жолаушысы зардап шекті.

Сурет: polisia.kz

Полиция қызметкерлері жол жүру ережесін мүлтіксіз сақтауды, шаршаған күйде көлік құралын жүргізбеуді және көлік құралын жиі тексеріп тұруды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады