Қарағанды тұрғыны Павлодар облысындағы мешіттен ақша ұрлаған

Сурет: Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Күдікті Тереңкөл ауданы Байқоңыр ауылындағы мешітте сейфтің металл есігін бұзу арқылы 300 мың теңге жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Қарағанды облысының 27 жастағы тұрғыны екені анықталды. 2021 жылы ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу үшін сотталғаны анықталды. Ұрлық жасаған күндері пробация органдарына ескертусіз аймақтан шығып кетіп отырған.

"Барлық факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Күдікті тергеу изоляторына қамалды".  Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды