Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 10-12 маусым аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, аптап ыстықтың беті қайтады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қазгидромет" РМК  ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның күрт континенттік климатында ыстық пен температураның айтарлықтай төмендеуі жиі алмасып отырады.
"Ауа температурасы республиканың солтүстігінде, шығысында +20+29°-қа, орталықта +20+33°-қа, 11-12 маусымда оңтүстік-шығыста +23+28°-қа дейін төмендейді", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

10-12 маусымда республиканың солтүстігінде, шығысында, орталық және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз