Қазақстанның 11 өңірінде күннің қатты ыситыны, өрт қаупі күшейетіні болжанады

Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК 11 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын болжайды. Синоптиктер өрт қаупі еліміздің барлық аймақтарында сақталатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күн қатты ысиды деп болжанады.

9 өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр:

- Түркістан қаласында;

- Ақтөбе;

- Қызылорда;

- Алматы;

- Маңғыстау;

- Жамбыл;

- Абай;

- Ақмола;

- Жетісу облыстарында.

Облыстардың жекелеген учаскелерінде төтенше өрт қаупі жоғары екені байқалады:

- Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде;

- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында;

- Ұлытау облысының орталығында,  Қарағанды өңірінің оңтүстігінде;

- Қостанай облысының оңтүстік жартысында;

- Павлодар облысының солтүстігінде.

- Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды