Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың суреті жарияланды

Сурет: facebook/zulfiya.suleimen
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Абай облысындағы өртте қаза тапқан орманшылардың суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл суретті Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Facebook парақшасында бөлісті.

"8 маусым күні сағат 22:00-де "Семей орманы" МОТР Жаңашүлбі филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілді. 9 маусым күні сағат 13:00-де бізге үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабар алдық... Біз ғажайып болады деп үміттенген едік, бірақ болмады. Бүгін жоғалған 11 адамның мәйіті табылды", - деп жазды министр.

Сондай-ақ министр өртке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Zakon.kz редакциясы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Қазақстан
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді