Қазақстанда 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы Абай облысындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтып барғанда мәлімдеді.

"Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз", - деді Мемлекет басшысы.

Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.

Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді