Қызылордалық полицейлер ойнап жүріп жоғалып кеткен баланы тапты

Сурет: polisia.kz
Қызылордалық полицейлер жоғалған 7 жастағы баланы тапты, бала ата-анасымен аман-есен қауышты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, 7 жастағы баласынның үй маңында ойнап жүріп, оралмағаны туралы арызданған.

Жоғалған баланы табуға қалалық полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан сарбаздары және еріктілер жұмылдырылды.

Полицейлер қала ішін көліктерімен аралап, учаскелік полиция инспекторлары көшелердің арасындағы қуыстардың барлығын түгелімен тінтіген. Осылайша, жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін аман-есен табылған.

Тәртіп сақшылары баланы ата-анасына табыстады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз