Оның айтуынша, 2023-2025 жылдарға арналған үш жылдық бюджетке 121,5 млрд теңге, биылға 52,7 млрд теңге бөлінген. Осы ретте журналистер "Семей орманы" резерватының халі неліктен мүшкіл боп тұрғанын сұрады.
"Белгілі бір стандарттар бар, біз министрлікті іс жүзінде осы стандарттар бойынша қаржыландырамыз. Нақтыланған ноома бар. Бір жылда барлық жабдықты жаңарту мүмкін емес екені анық. Мән-жайды анықтау керек екені түсінікті. Әлі қарастырылған жоқ (қосымша қаражат. – ред.), комиссия жұмыс істеп жатыр, қандай қаражат қажет екенін анықтаймыз ". Ерұлан Жамаубаев
Ол әзірге өрттің алдын ала шығынын айта алған жоқ.
"Әлі өртеніп жатыр. Айтарлықтай аумақ әлі де өртке оранып жатыр, сондықтан барлық процедуралардың аяқталуын, соның ішінде (Премьер-министрдің орынбасары Скляр. – ред.) Роман Васильевич бастаған комиссияның жұмысын күтейік". Ерұлан Жамаубаев
12 маусымда резерват балансында 70-ке жуық арнайы автокөлік бар екені, олардың көпшілігі 80-90-шы жылдары шығарылғаны мәлім болды. Тек 5-6 техника жаңарақ – 2014 жылғы.
13 маусымда үкімет кулуарында вице-премьер Роман Скляр да Абай өңіріндегі жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, орман өртіне бастапқыда аса мән берілмеген. Вице-премьер Абай облысындағы өртке қатысты жағдайда оны оқшаулау мүмкін болған сәтті жіберіп алғанын мойындады.