Қызылордада адам өлтіргені үшін 20 жылға сотталған тұрғын түрмеде некесін қиды

Cурет: polisia.kz
Қызылордада қарақшылық және адам өлтіру қылмысы бойынша 20 жылға сотталған азамат түрмеде некесін қиды, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат сөйлесіп жүрген сүйіктісімен байланысын үзбей, отбасын құрды.

"Міне, заңды некеге тұрдым. Некелесіп отырған жарымды бостандықта жүрген кезден бері танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуіміз некемізді қиып, үйленуді шештік, - деді жазасын өтеуші.

Мекеме бастығының айтуынша, қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандары да бар. Ал былтырдың өзінде 31 азамат некесін заңдастырған. 

"Сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгереді. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам деп жақсы жаққа өзгеруге тырысады", - деді мекеме бастығы Мақсұт Өтетілеуов.
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

8 қыркүйекте елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасады