Президент еліміздің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Сурет: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің медицина қызметкерлеріне халықтың денсаулығын жақсартып, ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келе жатқаны үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының тілегін Денсаулық сақтау министрлігі бөлісті. 

"Құрметті медицина қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын Сіздер халықтың денсаулығын жақсартып, ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Қазақстанда медицина мамандарының мәртебесі мен беделі жоғары болу үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөледі. Көптеген заманауи емдеу орындарының салынуы, білікті мамандарды даярлауға бөлінетін грант санының көбеюі, осы сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі - соның айқын дәлелі. Түптеп келгенде, мұның бәрі салауатты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Сіздер сындарлы сәттерде өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел сенімін ақтай білдіңіздер. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге амандық, бақ-береке тілеймін!" - деді президент.

Еске салайық, Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі маусым айының үшінші жексенбісі аталып өтеді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды