Алматы зообағында сусиыр дүниеге келді

Сурет: Instagram/almatyzoo
Алматы Хайуанаттар бағы Джамбо мен Лотти сусиырлар жұбынан төл дүниеге келгенін хабарлады.

Жағымды жаңалықты зообақ әкімшілігі Instagram-дағы парақшасына жариялады.

"Зообағымыздағы Джамбо мен Лотти жұбында кішкентай сусиыр дүниеге келді. Біз өте қуаныштымыз Жаңадан әке атанған Джамбо 2007 жылы туған. Бізге Израиль хайуанаттар бағынан 2009 жылы әкелінген. Оның сыңары Лотти 2010 жылы туған. Бізге Франциядан 2018 жылы әкелінді. Олар бірден жұп болмады. Алғашқы кезде Джамбо Лоттиді сүзіп, қарсылық көрсететін. Біз бұған алаңдап жүрдік. Бірақ, уақыт өте келе екеуі тіл табысып кетті". Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі

Сусиыр Лотти 22 мамыр күні төлдеді. Кішкентай ұрғашы сусиырдың салмағы 38 килограмм, бойы 50 см. Қазір Лотти мен төлінің жағдайы жақсы. Екеуі даладағы қоршауға орналастырылды.

"Енді кішкентай сусиырға ат қоюымыз керек. Ұсыныстарыңыз бен өз нұсқаларыңызды парақшамызға жазыңыздар. Біздің қызметкерлер ең үздік атты таңдап алады". Алматы зообағы

Еске салайық, Алматы зообағы "Африка саванасы" кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап жатыр. Болашақта ол жерде сусиырлар, пілдер, керіктер, зебра мен антилопалар тұрады. Жоба уақытында жасалса, келесі жылы құрылыс басталады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді