Алматыда үш ауысымды мектеп қалмады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2022 жылдың желтоқсанында Алатау ауданы, Мәдениет ықшамауданындағы 1500 орындық жаңа мектептің құрылысына байланысты соңғы үш ауысымда оқитын №196 мектеп таратылған. 

"Мемлекет басшысы орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасын жүзеге асыруды қолдап, 2030 жылға дейін бір ауысымдық оқытуға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды".Ләззат Жылқыбаева

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматыда 37 100 оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 5570 орындық 11 нысан енгізіледі, оның ішінде:

Бұған дейін Алматыда балаларды 1-сыныпқа тіркеу 2023 жылдың 1 сәуірінен басталып, 1 тамызға дейін жалғасатыны хабарланған еді. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қабылдау электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды