18 маусымда еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды деп болжанады

Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 маусымға арналған еліміздегі ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, ел орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, ал батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, еліміздің батысында бұршақ түседі, оңтүстігінде дауыл болуы ықтимал. 

"ҚР-дың шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстанның батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлері циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, елдің батысында бұршақ түседі, оңтүстігінде дауыл болады деп болжанады. Республикамыздың басым бөлігінде екпінді жел сақталады". "Қазгидромет" РМК

Еліміздің 10 өңірінде күн қатты ысиды деп болжанады: 

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау, Абай, Жетісу Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Атыраудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау, Қарағанды өңірлерінің орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды