Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Атырау облысында тас жолда екі автокөлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 маусымда республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10-шақырымында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол апаты болды.

Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігі өртеніп, 1992 жылы туған көлік жүргізушісі мен 2001 жылғы жолаушысы, сондай-ақ Toyota Camry автокөлігінен 1972 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тауып . 1971 жылы туған Toyota Camry көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан.

Toyota Camry көлігінің тағы 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы