"Қош бол, әкетай!" Димаш Құдайберген марқұм атасына арнап жазба жариялады

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash/
Әнші Димаш Құдайберген атасының қазасынан кейін Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, суреттер жүктеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген ата-әжесінің қолында өскен, сол себепті атасын "әке" деп атайды. Ол атасына рухани тәлімі үшін алғыс айтты.

"Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін… Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып үлгермегендерім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…", - деп жазды әнші.

Еске салайық, 13 маусымда әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді