Германияның президенті Қазақстанға келді

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны Астана әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.

Сонымен қатар Германия федералды президенті Қазақстан және Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлеп, Қазақстан Президентімен бірге қазақ-герман бизнес форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, мемлекеттік сапар аясында Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барады. Онда Қазақстан-Германия инженерлік институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытында сынама бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсіміне қатысады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты