Министр: Астанадағы өртті сөндіруге екі апта кетуі мүмкін

Сурет: gov.kz
20 маусымда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астанадағы өртті сөндіруге қанша уақыт кететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Қорғалжың тас жолы мен Қосшыға баратын айналма жол арасында шыққан өрт бойынша қазіргі ахуал тұрақты. 

"Бір-екі апта кетуі мүмкін. Мұның бәрі сыртқы факторларға, әрине, біздің бөлімшелердің жұмысына және жауын-шашынға байланысты... Өрт қайта басталуы мүмкін. Ұшқын пайда болуы мүмкін. Қазір онда 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Олар ауысыммен жұмыс істейді. Екі тікұшақ жұмылдырылған, - деді Сырым Шәріпханов.

Министрдің сөзінше, өрттің одан әрі тарауына негізі себебі - жел.

"Жалын мен түтінді өршіткені сонша, оны сумен сөндіру мүмкін емес болды. Онда өрт сөндірушілер мен техниканың саны жеткілікті", - деді ведомство басшысы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті