Семейде қоғамдық қордың атын жамылып, жастардан ақша бопсалағандар ұсталды

Сурет: polisia.kz
Семейде қоғамдық қордың атын жамылып, жастардан ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семей қаласының аумағында бопсалаушылардың қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Өздерінің криминалдық қызметін топтың мүшелері ресми түрде тіркелген қоғамдық қорды формальды құру арқылы мұқтаж тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету түрінде жүзеге асырып отырған. Қордың Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар. Құрылған күннен бастап қордың есепшотына қаражат түспеген.

Күдіктілер қорды қаржыландырамыз деген сылтаумен жергілікті жастардан және есірткі пайдаланатын адамдардан ақша бопсалаған. Кейбір жағдайларда қылмыскерлер өз құрбандарын талап еткен ақшаны алғанға дейін жалдамалы пәтерлерде ұстаған.

"Бопсалаудың 7 фактісі анықталды. Арнайы операция барысында 19 тінту іс-шарасы жүргізіліп, суық және травматикалық қару тәркіленді. 18 адам полицияға жеткізілді, олардың ішінде қылмыстық топтың 8 негізгі қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде".ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді