Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өрт сөндірілді

Сурет: видео скрині
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері зауыттағы ірі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

21 маусымда Ақсу ферроқорытпа зауытында трансформатор өртенді. Өрттің жалпы ауданы 200 шаршы метрден асқан.

Өрт сөндіруші қолынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Сол жерде төтенше жағдайлар департаментінің 53 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеді.

Өрт 20:52-де ауыздықталып, 22:40-та толығымен сөндірілген.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды